3 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ STEPS ЗЕРТТЕУІНЕ ҚАТЫСЫП, ЭКСПРЕСС-ДИАГНОСТИКАДАН ӨТЕДІ.
Қазақстанда келесі аптада ересектер арасында жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын зерделеуге бағытталған STEPS ұлттық зерттеуі басталады, оған 3300 респондент қатысады және әрқайсысы қандағы глюкозаны анықтау үшін экспресс-диагностикадан өтіп, антропометриялық өлшеу жасатады. Жұқпалы емес аурулар әлемнің барлық елдерінде денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстанда ЖЕА-ның 4 тобы (жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу мүшелерінің аурулары, қант диабеті) еңбекке жарамсыз болуға, сырқаттанушылыққа, мүгедек болуға себеп болып отыр және еліміздегі тұрғындардың мезгілсіз қайтыс болуының барлық жағдайларының 80% — ын тудырады. Темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің болмауы және шамадан тыс ішімдік ішу сияқты мінез-құлық қауіп факторлары ЖЕА туындауына себеп болып отыр.STEPS зерттеуі бағдарламалық іс-шараларды жоспарлау және елдегі ЖЕА азайту саясатын жүргізу үшін ЖЕА қауіп факторларының таралуы мен мониторингін зерттеуге бағытталған.Зерттеу республика өңірлерінде 18 жастан 69 жасқа дейінгі адамдар арасында жүргізілетін болады. 3300 үй шаруашылығына бару жоспарланып отыр.Зерттеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросының қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырды.