АПВ-НЫҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК? Біз адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау туралы бірқатар жарияланымдарды жалғастырамыз және қазір осы инфекцияны жұқтырудың негізгі жолдарын қарастырамыз.АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, ванналарға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек. Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері гениталийде орналасқан үшкір ұшты сүйелдерді тудырады. Вирус туған кезде анадан балаға босану каналы арқылы өту кезінде тікелей беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады. Қырыну немесе эпиляция кезінде өзіне-өзі жұқтыру арқылы АПВ дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.Жоғары қауіпті 16, 18 АПВ типтері жатыр мойны обырын тудырады, ауруды тек вакцинациялау арқылы алдын алуға болатынын есте сақтаған жөн.