АПВ вакцинасында тірі вирустар жоқ, бірақ иммундық жүйені белсендіретін және ешқандай ауру тудырмайтын жеке вирустық ақуыздарды пайдаланады.Вакцинация үшін қолданылатын АПВ-ға қарсы төрт валентті «Гардасил» вакцинасы ДДҰ ұсынған және сертификатталған, қауіпсіз және тиімді, сараптаманың барлық деңгейінде және Қазақстанда тіркелген.АПВ вакцинасы жатыр мойны обырынан және ауруды тудыратын басқа да қатерлі ісіктерден қорғайды.Қазақстанда жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында және фертильді жастағы әйелдер арасында өлім-жітім бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында.