⚡️Көру қабілеті шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау – басты назарда.
✅Бұған дейін зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған арнайы кітапханада өткен кездесудің жалғасы ретінде жұмыс тобының көшпелі іс-шарасы ұйымдастырылды. Жұмыс тобының құрамында облыстық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Сания Магауовна Аубакирова, білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы, сондай-ақ ШҚО әкімінің бейштаттағы кеңесшісі Зарина Айдарханқызы Камасова және «AMANAT» партиясының облыстық филиалының өкілдері болды.
🔸Олар Өскемен қаласы Буров көшесіндегі №2 қалалық емханасына барып, бұл мекеменің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе көру қабілеті төмен жандарға бейімделу деңгейін тексерді. Көру қабілеті нашар тұрғындардың барлық ұсыныс-пікірлері аталған мекеменің бас дәрігерлеріне жеткізілді. Айта кету керек, бұл мәселеге емхана басшылығының көзқарасы өте жауапты. 🔸Емханада пандустармен және шақыру батырмаларымен жабдықталған, бұл – қозғалысы шектеулі жандар үшін аса маңызды. 🔸«AMANAT» партиясының ШҚОФ барлық азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеріп, олардың қоғамда өздерін жайлы сезінуі үшін барынша жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.#AMANAT




