Құрметті тұрғындар!
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер 2025 жылғы 14 шілдедегі № 206-VIII ҚР Заңымен- «МӘМС және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ Денсаулық кодексінің жаңартылған нормаларымен бекітілген.
Маңызды өзгерістердің бірі- амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне көшуі. Бұл 2026 жылдан бастап нозологиялар бойынша амбулаториялық дәрілерді тек сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар ғана ала алатынын білдіреді.
Осыған байланысты барлық пациенттерімізге жүгінемін:
Өтініш, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеңіздің бар-жоғын алдын ала тексеріп алыңыздар.
МӘМС мәртебесі сізге мүмкіндік береді:
- амбулаториялық дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікпен алуға;
- қажетті тексерулерден өтуге және мамандардың консультацияларына қол жеткізуге;
- МӘМС аясында көзделген барлық медициналық қызметтерді толық алуға.
Өз мәртебеңізді төмендегі ыңғайлы тәсілдер арқылы тексере аласыз: - Halyk, Kaspi, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы;
- fms.kz порталы арқылы;
- Saqtandyru Telegram-боты арқылы;
- емхананың тіркеу бөлімінде;
- немесе сұрақтарыңыз болса, біздің Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Егер сізде сақтандырылған мәртебе болмаса немесе жарналарға байланысты сұрақтар туындаса, біздің мамандар мәртебені қалпына келтіру бойынша толық көмек көрсетуге дайын.
Есте сақтаңыздар: сақтандырылған мәртебе- 2026 жылы медициналық көмек пен дәрілік қамтамасыз етуді уақытында және толық көлемде алудың кепілі.
Назар аударғандарыңызға рақмет.
Құрметпен,
Бас дәрігер Бауэр Юрий Владимирович