АПВ(Адам Папиллома Вирусы)

№2 қалалық емхана қызметкерлері Өскемен қаласының №19, 25, 39, 42 мектептеріндегі оқушылардың ата-аналары арасында 11 жас пен 13 жас 11 ай 29 күн аралығындағы қыздарды АПВ індетінің алдын алу және вакцинациялау бойынша ақпараттандыру жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік,Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы бойынша, Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды егу қыркүйек айында басталған болатын.