БЦЖ вакцинасы балаларға туғаннан кейін 1-4 күнде енгізіледі.
БЦЖ вакцинасы Кох таяқшасының инфекциясынан ішінара қорғайды. Алайда, оның басты рөлі — 5 жасқа дейінгі балаларды туберкулездің қауіпті асқынуларынан қорғау: туберкулез менингиті және туберкулездің таралған түрлері, олар әрдайым жас балаларда өлімге әкеп соқтырады.
Қазақстанда барлық жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау туралы шешім қабылданды, өйткені туберкулездің таралуы өте жоғары, ал эпидемиологиялық жағдай өте қолайсыз, себебі біздің елімізде антибиотикке төзімді қауіпті штамдар бар.
