Гепатит – денсаулыққа байланысты бірқатар проблемаларды тудыруы мүмкін және өлімге әкелетін бауырдың қабынуы. Гепатиттің «А, В, С, Д және Е типтері» деп аталатын негізгі бас вирустық штамдары бар. Олардың барлығы бауыр ауруының дамуына әкеледі, бірақ олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар, соның ішінде вирустың таралу жолдары, аурудың ауырлығы, географиялық таралуы және алдын алу әдістері.Атап айтқанда, В және С типтері жүздеген миллион адамда созылмалы ауруды тудырады, цирроздың және бауырдың қатерлі ісігінің ең көп тараған себебі болып табылады. Бұл вирустардың барлығы шаршаумен, тәбеттің төмендеуімен, безгекпен және сарғаюмен сипатталатын жіті гепатитті тудырады. Көптеген адамдар ауырғаннан соң толық қалпына келеді, бірақ адамдардың аз бөлігі арасында жіті гепатит өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, В және С гепатитінің инфекциясы созылмалы түрге ауысып, цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін.Вирустық гепатиттердің алдын алу шаралары вирустың таралу көздеріне, оның берілу жолдары мен факторларына және, ең алдымен, жұқтыруға бейім тұрғындарға қатысты кешенді түрде жүзеге асырылады.Қазақстанда «Вирустық гепатит» диагнозымен «Д» есебінде 50 мыңнан астам ересек пациент тұр. Қазақстандық гепатологтар 2018 жылдан 2022 жылға дейін С вирустық гепатитінен 30 мыңнан астам пациентті құтқарды. Бұл ретте, С гепатитіне қарсы емдеу тұрғылықты жері бойынша тегін беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанда В гепатитіне қарсы вакцинация бағдарламасы жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап перзентханадағы балалар вирустық гепатитке қарсы екпе алады.Республиканың гепатологиялық орталықтарында скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Отандық гепатологияда бауырдың созылмалы ауруларын, соның ішінде вирустық гепатиттерді емдеуге арналған мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрлері бар. Сонымен қатар халықаралық мамандар денсаулық сақтаудың бастапқы желісінің осы бағыттағы оң тәжірибесіне назар аударады.