Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – ол анасының ақ сүті. Жаңа туған перзенттің ана сүтін емуінің маңызы өте зор. Осы орайда жыл сайын тамыз айының 1-і мен 7-сі аралығында бала емізуге арналған дүниежүзілік ұлттық апталық өткізіледі. Бұл күндері жас нәзікжандыларға сәби емізудің артықшылықтары туралы біраз кеңес беріледі.Сәбиді ана сүтімен қоректендіру – бұл табиғаттың әйел адамға берген үлкен сыйы. Омыраумен емізгенде әйел адам мен бала арасында ерекше жақындық пайда болады. Мұны сөзбен жеткізу оңай емес. Оны сезіну қажет. Жалпы, ана сүті – өзінің пайдалылығымен басқа тағамдардан жоғары тұрады. Себебі, емшек сүті – бұл нәрестенің дұрыс өсуінің негізі. Оны ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. #дүниежүзілікбалаемізуапталығы2025#всемирнаянеделягрудноговскармливания2025