⚡️Бүгінде елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады, олардың денсаулығын өмірінің алғашқы сәттерінен бастап 4 мыңннан астам педиатр, 1 мыңнан астам неонатолог және жергілікті практика дәрігерлері мұқият қадағалап, бақылауда ұстайды.
👩🍼Қазақстанда әрбір бала туған сәтінен бастап медициналық бақылауға алынады.
👦7 миллионнан астам бала тегін медициналық көмекке қол жеткізсе,
🔍Жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді,
🩺4,5 миллионнан астам бала профилактикалық қарап-тексерумен қамтылады,
💉1,5 миллионнан астам балаға иммундау жүргізіледі.
🏫Мектеп жасындағы балаларға ерекше назар аударылады.
🏥Бүгінде әрбір мектеп белгілі бір емханаға бекітілген, онда 6,5 мыңнан астам медициналық пункт жұмыс істейді. Бұл балалардың денсаулығындағы мәселелерді дер кезінде анықтап, көмек көрсетіп, аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
💪Осы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңа ұлттық стандарты енгізілуде.
🔖Ол ғылыми ұсынымдар, өсіп келе жатқан организмнің қажеттіліктері мен салауатты өмір салты қағидаттары негізінде әзірленген.
⚜️Біз балалар денсаулығы инфрақұрылымын дамыту,
🧬 ерте диагностиканы күшейту,
👶 неонаталдық көмек,
🎗️ онкопедиатрия,
🔷оңалту және
🤝паллиативтік қолдауға озық технологияларды енгізу жұмысын жалғастырып келеміз.
💊2025 жылдан бастап емханаларда ерте араласу орталықтары ашылады, олар көмекке мұқтаж барлық балаларды қолдаумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.
🦷Қазақстан балалардың стоматологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөледі.
🪥 «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде еліміздегі барлық мектептерде міндетті стоматологиялық қарап-тексеру мен тісжегі дамуының алдын алу шаралары енгізілді.
🧑⚕️Мен, педиатр-дәрігер және министр ретінде, баланың денсаулығы — бұл оның толыққанды дамуының, өмірдегі жетістігінің және бүкіл ұлттың білімі мен күшінің негізі екенін жақсы білемін.
#Дәрігербалалардыңжанашыры