№2 қалалық емханада 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы халықты уақтылы және толыққанды ақпараттандыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобының мамандары күнделікті келіп түсетін мәліметтердің өзектілігін тексеріп, жаңартылған заңнамадағы әрбір тармақты мұқият талдап, ақпаратты тұрғындарға түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізеді.

Өз міндеттерінің аясында қызметкерлер тіркелген халыққа мақсатты түрде қоңырау шалып, маңызды сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ емхананың өзінде де барлық өзгерістер бойынша толық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Біздің басты мақсатымыз — әрбір пациент алдағы медициналық сақтандыру жүйесіндегі жаңашылдықтарды алдын ала біліп, тек расталған әрі нақты ақпаратқа қол жеткізуі.


В городской поликлинике №2 работает специальная рабочая группа, созданная для того, чтобы жители были своевременно и полно информированы об изменениях в системе ОСМС, которые вступают в силу с 1 января 2026 года.

Специалисты группы ежедневно отслеживают и проверяют актуальность поступающей информации, внимательно обрабатывают каждый пункт обновлённого законодательства и доводят его до населения в доступной и понятной форме.

В рамках своей работы сотрудники проводят целевые обзвоны прикреплённого населения, отвечают на волнующие вопросы и дают разъяснения непосредственно на месте — в отделениях поликлиники.

Наша цель — чтобы каждый пациент заранее понимал, какие изменения ожидают систему медицинского страхования в 2026 году, и был уверен, что располагает достоверной и проверенной информацией.