ШҚО Әкімдігінің ДСБ «Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК базасында 2024 жылдың 21 ақпанында Интернационалист-жауынгерлерге арналған Ашық есік күні өткізілді. Профилактикалық тексерулерге келесі мамандар қатысты: жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, онколог. Ашық есік күнінде 24 ауған сарбазы тексерілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер Қарашова Ж.Қ. көрсетілімдері бойынша науқастарды: УДЗ, ЭКГ, рентген, флюорография, зертханалық зерттеулер (жалпы қан анализі, биохимиялық қан талдауы, жалпы зәр анализі) сияқты тегін диагностикаларға және бейінді мамандарға жіберілді.
