Кейде бала бізге дәстүрлі емес тәсілдермен келеді. Сонда болашақ ата-аналарда кейбір сұрақтар туындауы мүмкін. Осы сұрақтарға жауап алу үшін пациенттерге ЭКО мектебі жұмыс істеуде. ЭКО мектебінің негізгі мақсаты процедуралар алдындағы алаңдаушылықты төмендетуге мүмкіндік беріп, жүргізіліп жатқан емдеу туралы ақпараттық қолдау болып табылады. Сабақта «ЭКО процедурасы кезінде мен қпндай кезеңдерден өтемін?» деген сұраққа жауап аласыз.ЭКО мектебі — бұл бірінші кезекте жүктілікті жету жолында қиындықтарға ұшыраған жұптарды қажетті ақпараттық және психологиялық қолдау. Топтық сабақтарды дәрігер акушер-гинеколог М.Қ.Жунусова жүргізеді, туындаған сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, дәрігер 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы туралы, ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес квотаға іріктеу критерийлері туралы, квотаға кезекке қалай тұру керектігі, комиссия үшін қандай құжаттарды жинау керектігі туралы ақпарат береді. Қазіргі уақытта елімізде квоталық бағдарламалар бойынша 19 клиника жұмыс істейді, клиниканы таңдау кезінде неге назар аудару керектігін айтады. Біз пациенттерімізді әр айдың 2-ші бейсенбісінде, сағат 14.00 Бурова 61 мекен- жайы бойынша мәжіліс залында күтеміз.#эко #гинекология