ТУБЕРКУЛЕЗ ДИАГНОСТИКАСЫ????????????Өкпе туберкулезінің негізгі белгілері – 2 немесе одан да көп аптаға созылатын жөтел. Қосымша белгілері:• салмақ жоғалту;• тершеңдік;• кеуде қуысының ауыруы;• жалпы әлсіздік және тез шаршау;• дене қызуының көтерілуі. Сырқаттың белгісі бірнеше ай бойы жеңіл түрде көрінуі мүмкін. Асқынулардың алдын алу үшін аурудың белгісі пайда болған кезде өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін туберкулез белгісі бар адам мүмкіндігінше ерте тексерістен өтуі керек. Тұрғылықты жері бойынша емханада немесе фтизиопульмонология орталығында тексерілуге болады. Туберкулезге тексерілу – тегін. Егер өзіңізбен бірге тұратын немесе жиі байланыста болатын адамда туберкулез белгісі болса, сіз де тексерілуіңіз керек. Тіпті, сізде сырқат белгілері болмаса да, бұл қауіпті. Қақырықты туберкулез микобактериясының бар-жоғына тексереді және кеуде қуысының рентгенографиясын жүргізеді. Туберкулезді анықтау үшін ең әуелі қақырықты тексерудің молекулярлы-генетикалық әдісі қолданылады. Бұл микобактериялардың бөлшектерін – олардың генетикалық материалының (ДНҚ) фрагменттерін 2 сағатта анықтай алады және екінші жағынан туберкулезге қарсы дәрілерге төзімділікті анықтай алады. Әрі қақырықты микроскопия әдісімен адамның қоршаған ортаға микобактериялар шығаратындығын және инфекцияны басқаларға тарататынын анықтау үшін зерттейді. Рентгенологиялық зерттеу өкпе тіндерінің зақымдану орны мен көлемін анықтауда қолданылады.
