ЖІЖ-нің алдын алу шаралары.Жіті ішек жұқпалары (ЖІЖ) – әртүрлі микроорганизмдермен, қарапайымдылармен, бактериялармен, вирустармен шақырылатын,асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен өтетін жіті жұқпалы аурулардың тобы.Жіті ішек және энтеровирустық жұқпалармен зақымдалу қалай өтеді:Жылдың жылы мезгілдері басталысымен жіті ішек жұқпаларымен қатар оның құрамына кіретін энтеровирустық жұқпаларының да өсу қаупі орын алады. Жіті ішек жұқпаларының қоздырғыштары адам ағзасына зақымдалған су, тағам, ал кішкене балаларда лас қол, ойыншықтар арқылы енеді.Көктем-жаз айлары сыртқы ортада ЖІЖ қоздырғыштарының сақталуына және көбеюіне қолайлы кезең. Көктем және жаз мезгілдерінде ауа температурасының кенеттен жоғарылауы тез бұзылатын тағам өнімдерінің сақталуы мен таралуы кезінде температуралық жағдайының бұзылуына және жіті ішек жұқпаларының туындауына әкеледі. Тағам өнімдерінің зақымдалуына тағам және дайын тағам өнімдерінің таралуы, сақталуы, тасымалдануының ережесі мен мерзімінің бұзылуы, тағам өнімдерін термиялық өңдеу, дайындау кезінде жеке бас гигиенасы ережесінің бұзылуы себепкер болады. Жаз мезгілінде тез бұзылатын тағам өнімдері, суық түрде қолданылатын және термиялық өңдеусіз дайындалатын тағамдар қауіп тудырады. Осы тағамдарда ЖІЖ-ң қоздырғыштары жиналып көбейеді.Аурудың қандай белгілері болады:Адам ағзасына қоздырғыш түскен соң ауру бірден басталмайды.Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 2-7 күнге дейін созылады.Осы кезеңде науқастың дене қызуы жоғарылайды, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, тамаққа тәбеттің төмендеуі, іштің ауруы, жиі іш өту белгілері байқалады.Ал энтеровирустық жұқпалар серозды менингит (бас ауруы, құсу), миалгия (бұлшық еттің ауруы), герпестік ангина (таңдай мен жұтқыншақтың артқы бөлігіндегі бөртпелер), респираторлық, қызба және асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары түрінде өтеді.Сырқаттанушылық кейбір жағдайда жеңіл түрде өткендіктен науқастар дәрігерге қаралмайды, өздері емделеді, сол себептен аурудың жағымсыз салдарына әкелуі мүмкін.Жіті ішек жұқпаларының алдын алу үшін қажет:·тамақ қабылдау, дайындау алдында және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен тазалап, жиі жуып отыру;·тағам жұқпаның зақымдалу көзі болмас үшін ет, балық, жұмыртқа өнімдерін мұқият пісіріп, тек жаңадан алынған өнімдерді пайдалану;·шикі және пісірілген тағам өнімдеріне жеке кесу тақтайларын және пышақтарды қолдану;·тоңазытқышта тағам өнімдерінің дұрыс сақталуына көңіл бөлу, егер дайындалған тағам ертеңгі күнге сақталса термиялық өңдеуден өткізу;·тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау мерзімінен асырмау;· қайнатылған, бөтелкедегі (бутиллированная вода) сапалы суларды қолдану;·сүтті мұқият қайнатып қолдану;·жеміс-жидектерді, көкөністерді ағынды сумен мұқият жуу; кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін сатып алмау;жаз айларында тек арнайы белгіленген жерлерде шомылу.Жіті ішек жұқпалары жұқпалы аурушаңдықтардың ең алдыңғы қатар орындарында, сондықтан да олардың алдын алуының өзі әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.Жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн:Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, сырттан серуендеп келегенде қолды сабындап жуу керек.Суды тек қайнатып қана ішу керек. Ашық суқоймаларынан, арықтан суды ішуге болмайды. Жеміс-жидектерді мұқият жуып, ыстық сумен шайқап жеу керек.Шөлмектегі және пакеттегі сүтті қайтанып ішкен дұрыс.Етті кем дегенеде 2-2,5 сағат, ал балықты 30 мин қайтану керек.Дайын тағам мен шикі тағамдарға ортақ кесетін тақтай пайдалану дұрыс емес.Майонез не маймен араласқан салаттарды 3 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды.Көкеністер, жартылай фабрикаттар 6 сағатқа дейін ғана сақталу керек.Егер тағам 5 сағатта ұзақ сақталса, оны қайнатып пайдаланған жөн. жаңа әзірленген тағамды тұрып қалған атағамммен араластыруға болмайды.Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек.Арнайы рұқсат етілген су қоймаларында ғана шомылу керек.Үйдегі тағамдардың қалдықтарын дер кезінде қоқысқы шығарып тұру керек.Көше бойынша сатылатын тағамдарды сатып алуға болмайды.Егер сізде ішек жұқпасының алғашқы белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге көрініңіз. Өздігінен ем қолдануға болмайды, әсіресе антибиотиктерді пайдаланбаңыз. Бұл әртүрлі асқынуларға әкеледі немесе бактерия тасымалдаушылыққа себеб болады. осының салдаыран отбасында не болмаса байланыста болған басқа адамдардың арасында ішек жұқпасының қайталану жағдайлары болады.Естеріңізде болсын! Жеке бас гигиенасын сақтау, тұрғын жайларды таза ұстау арқылы Сіз өзіңізді және қоршаған адамдарды ішек жұқпаларынан қорғай аласыз.
