Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бас дәрігердің 13.06.2022 жылғы № 173-п бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс өз өкілеттіктерін поликлиниканың атқарушы органынан және лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз жүзеге асырады, бас дәрігерге есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуде тәуелсіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің құзыреті, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі поликлиниканың ішкі актісімен айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлау

Егер Сіз поликлиника қызметкерлерінің немесе пациенттерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының кездейсоқ куәсі болсаңыз, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы фактісі туралы хабарлай аласыз:

Телефон

+7 (7232) 489-155

Пошта мекенжайы

070019, ШҚО, Өскемен қ., Буров көшесі, 61, «Өскемен қаласының №2 қалалық поликлиникасы» ШЖҚ РМК ШҚО ДСБ

Электрондық пошта

priemnaya-poliklinika2@mail.ru

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, 1-бет
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, 2-бет
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, 3-бет