СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ
2026 ж. 21 қыркүйек

2026 жылғы 17 қыркүйекте КМК «ШҚО ДСБ «Қалалық емхана №2»» қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинарлар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қарастырылды.

Адалдық, ашықтық және қызметтің айқындылығы қағидаттарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.


Қан донорлығы туралы — әлеуметтік оқиғалар тілі арқылы.
Қан донорлығы туралы — әлеуметтік оқиғалар тілі арқылы.
2026 ж. 20 шілде

Қан донорлығы туралы — әлеуметтік оқиғалар тілі арқылы.

2026 жылғы 16 ақпанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын «ШҚО халқының салауатты өмір салтын қалыптастыруды
өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамыту арқылы жүзеге
асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өтеусіз қан
донорлығына арналған әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Бейнероликті
«Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымы «Шығыс Қазақстан облыстық
қан орталығы» ШЖҚ КМК және «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы»
ШЖҚ КМК-мен бірлесіп жасады. Жобаның басты мақсаты — қоғамның қан
донорлығының маңыздылығына назарын аударту, әрбір донорлықтың қан
құюды қажет ететін науқастар үшін өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін
көрсету, сондай-ақ облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және
игі донорлық қозғалысқа қатысуға ынталандыру. Жобаның барлық
қатысушыларына өтеусіз қан донорлығы мәдениетін дамытуға және өзара
көмек пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін
алғыс білдіреміз.
——————

ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР МӘМС АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР МӘМС АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
2026 ж. 08 шілде

№2 қалалық емханасында офтальмолог дәрігер Жаркембаева Ардақ Жанымқанқызы медицина қызметкерлеріне арналған офтальмологиялық аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша оқыту сабағын өткізді.
Кездесу барысында көз ауруларын ерте анықтаудың заманауи тәсілдері мен пациенттерді мамандандырылған медициналық көмекке бағыттау тәртібі талқыланды.
Сондай-ақ, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда офтальмологиялық операциялардың МӘМС жүйесі аясында жүргізілетініне ерекше назар аударылды. Бұл пациенттердің қажетті мамандандырылған көмекті уақтылы әрі тегін алуына мүмкіндік береді.
Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттырып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.