Мемлекет басшысының Жолдауы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың маңызды бағыттарын айқындайды. Олар медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) саласы үшін алғашқы медициналық көмекті жаңғырту, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейту және МСАК-ты қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі тапсырмалардың маңызы ерекше. Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік МСАК қызметі мамандарының үздіксіз еңбек өтілін ескере отырып, олардың жалақысын арттыру көзделуі маңызды қадам болып табылады. Белгіленген міндеттерді іске асыру емханалардың аурулардың алдын алудағы, патологияларды ерте анықтаудағы, скринингтік зерттеулер жүргізудегі және пациенттерді динамикалық бақылаудағы рөлін нығайтуға ықпал етеді. Бұл ретте медициналық көмектің халықтың қажеттіліктеріне бағдарлануы, азаматтардың медициналық көмекке уақтылы жүгінуі және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру басым бағыт болып қала береді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру, медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін нығайту, профилактикалық бағытты дамыту және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлері арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру қажет. № 2 қалалық емхана Мемлекет басшысы айқындаған денсаулық сақтау саласын дамыту басымдықтарын қолдайды. Мекеме ұжымы қойылған міндеттерді өз жұмысын одан әрі жетілдірудің, медициналық көмектің сапасын арттырудың және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтудың негізгі бағдары ретінде қарастырады. Белгіленген бастамаларды жүйелі түрде іске асыру Қазақстан Республикасында қолжетімді, тиімді әрі пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз.