ҚАЛАЙ МӘМС АЯСЫНДА ПСИХОЛОГ КӨМЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ?
ҚАЛАЙ МӘМС АЯСЫНДА ПСИХОЛОГ КӨМЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ?
🧠 Иә, психологтың кеңесі ТМККК және МӘМС жүйесі аясында қолжетімді.
Емханада сіз:
✔️ Психологтың қабылдауына жазыла аласыз;
✔️ Мінез-құлықтық және психобелсенді бұзылыстарға күдік болған жағдайда кеңес ала аласыз;
✔️ Әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты бейімделу мәселелері бойынша қолдау аласыз;
✔️ Созылмалы аурулар кезінде өзін-өзі басқару дағдыларын үйрене аласыз;
✔️ Жүкті әйелдерге, жасөспірімдер мен жастарға арналған психологиялық қызметтерді пайдалана аласыз;
✔️ Психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға қатыса аласыз.
━━━━━━━━━━━━━━━
