АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!
⚠️ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!
Қалалық емхана № 2 пациенттерді ескертеді.
❗️Біздің қызметкерлер ЕШҚАШАН:
— SMS арқылы келген кодтарды сұрамайды
— банк карталарының деректерін талап етпейді
— логиндер, парольдер, PIN-кодтарды сұрамайды
— eGov, банктер немесе мессенджерлерден келген кодтарды сұрамайды
— шұғыл әрекеттерді немесе ақша аударуды талап етпейді
📞 Егер сізге күмәнді қоңырау шалынса — сөйлесуді тоқтатып, ақпаратты ресми тіркеу телефондары арқылы өзіңіз тексеріңіз:
☎️ +7 (778) 003-70-49
☎️ +7 (7232) 48-91-55
Сондай-ақ ақпаратты өз учаскелік дәрігеріңізден немесе мейірбикеден нақтылай аласыз.
Өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!
Бұл ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз — әсіресе егде жастағы туыстарыңызбен.


