№2 қалалық емханасында офтальмолог дәрігер Жаркембаева Ардақ Жанымқанқызы медицина қызметкерлеріне арналған офтальмологиялық аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мәселелері бойынша оқыту сабағын өткізді.
Кездесу барысында көз ауруларын ерте анықтаудың заманауи тәсілдері мен пациенттерді мамандандырылған медициналық көмекке бағыттау тәртібі талқыланды.
Сондай-ақ, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда офтальмологиялық операциялардың МӘМС жүйесі аясында жүргізілетініне ерекше назар аударылды. Бұл пациенттердің қажетті мамандандырылған көмекті уақтылы әрі тегін алуына мүмкіндік береді.
Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттырып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.